Елімізде 10 мыңнан астам адамға іздеуде жүр.

24 қаңтар, 2024 / Arasha.kz

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің деректері бойынша қазіргі уақытта еліміз бойынша 10 178 адамға іздеу салынған.

Ведомствоның баспасөз қызметі хабарлағандай, іздеу салынғандардың 2 098-і – хабар-ошарсыз жоғалғандар.

Жоғалған адамдардың көп бөлігі :

Алматы қаласы — 278;

Қарағанды облысы-217;

Павлодар облысы-170;

Алматы облысы — 152 тіркелген.

Сонымен қатар:

үйден кетіп оралмаған — 1 572 адам;

автокөлікпен жоғалған – 73;

жұмыстан кетіп, қайтып оралмаған 38 адам іздеуде жүр.

Көбінесе 30 -дан 49 жас аралығындағы ер адамдар әртүрлі жағдайларда жоғалады (77%).

«Сондай-ақ елде тергеу мен соттан жасырынған 2 378 адам іздестіріліп жатыр», — делінген прокуратура хабарламасында.

Іздестірілуде жүргендер негізінен 31 мен 40 жас аралығындағы ер адамдар (89%). Олардың ең көп саны алаяқтық (526), ұрлық (309) және адам өлтіру (143) дерегі бойынша:

Алматы қаласында (496);

Астана қаласында (183);

Шымкент қаласында (149);

Алматы (164);

Қарағанды (148) облыстарында іздестірілуде.

Қазақстанда іздестіруді ішкі істер органдары, экономикалық тергеу қызметі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі жүзеге асыратынын еске саламыз.