Ақтөбе облысының әкімі Димаш Құдайбергеновті Ақтөбенің 150 жылдығы
мерекелік медалімен марапаттады, деп хабарлайды облыс әкімшілігінің баспасөз қызметі.

28 мамыр Ақтөбе қаласының 150 жылдығы аясындағы мәдени іс-шарада облыс әкімі Оңдасын Оразалин Димаш Құдайбергеновті Ақтөбенің 150 жылдығы
мерекелік медалімен марапаттаған. Ақтөбе тұрғындары үшін тосын сый
ретінде есімі әлемге танылған жерлестері, әнші Димаш Құдайбергенов кешке
арнайы қатысқан.