Аудан әкімі: «Күршім ауданында жер сатылды» деген жалған ақпарат (видео)

228

Әлеуметтік желілерде тарап жатқан ақпарат еш негізсіз, «Күршім ауданында жер сатылды» деген әңгіменің барлығы жалған. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданының әкімі Дулат Қажанов мәлімдеді, деп жазады altaynews.kz

«Күршім ауданында жер сатылды» деген жалған ақпарат әлеуметтік  желі, уатсап топтары арқылы тарап жатыр. Ақпараттың еш негізсіз екенін мәлімдеймін.

Қазақстан Республикасы Жер туралы заңына сәйкес шетелдіктерге жер беруге мораторий жарияланған. Жер тек  Қазақстан азаматтары мен шетелдік үлесі жоқ қазақстандық заңды тұлғаларға беріледі.

Күршім ауданының ауылшаруашылық жерлерінде өзіміздің азаматтар қалыпты жағдайда егін егіп, малдарын бағып, еңбектеніп жатыр.

Жалған ақпарат таратпауларыңызды сұраймын!»,-дейді Дулат Қажанов.