Қостанайда жеке үйде жарылыс болып жеті адам үйінді астында қалды.

11 желтоқсан, 2023 / Arasha.kz

Қостанайда жеке тұрғын үйде төтенше жағдай орын алып, жеті адам үйінді астында қалды.

«Амангелді елдімекенінде болған төтенше жағдайдан жеті адам үйінді астында қалды. Оқиға 11 желтоқсанда сағат 12:36 Энергетиктер көшесі 1 мекенжайында болды», — делінген хабарламада.

ТЖД мәліметі бойынша, үйде газ-ауа қоспасы пайда болып, бір қабатты ғимарат қираған.

Оқиға орнында жедел штаб құрылған.