Қазақстандағы 27 мемлекеттік компания күніне 55 млрд.теңге шығындап отырған.
Қазақстандағы 27 мемлекеттік компания күніне 55 млрд.теңге шығындап отырған

Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің басшысы Ольга Перепечина 27 мемлекеттік акционерлік қоғам жылды 1,5 трлн теңгеге жуық шығынмен аяқтағанын хабарлады. Бес компания, оның ішінде – 500 млн.теңгеден астам шығынға ұшыраған. Бұл туралы arasha.kz ақпараттық порталы tengrinews сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

“Неге бұлай болды? Неге акционерлік қоғамдарда жағдай осындай болып жатыр? Жауапты жазбаша беруді сұрап жатыр”,-деді Ұлттық экономика вице-министрі Мәди Такиевке қаржы және бюджет комитетінің кеңейтілген отырысында.

Мәди Такиев болса, өз кезегінде, жауап беретіндігін айтты.

Ольга Перепечинаның сөзінше қазіргі уақытта тек қана екі акционерлік қоғам пайдаға жұмыс істеп отыр, ал қалғандары шығын ғана әкелуде.

“Өз жұмысын тоқтатқан АҚ бар, жай ғана мемлекеттен қаражат күтіп отырғандары да бар. Өткен отырыста Ұлттық Экономика Министрлігінен Акционерлік Қоғамдардың ары қарайғы тағдырына байланысты, яғни біздің мемлекеттің тағдырына қатысты жұмыстар мен мәселенің себебін анықтап, нақты ақпарат берулеріңізді сұрағанбыз”, -деді Перепечина.

Бұл ақпаратқа белгілі бизнесмен Марғұлан Сейсембай өзінің инстаграм парақшасында жаға ұстағанын білдіріпті.

  • “Астапыралла!
    Мемлекеттiң 27 компаниясы 1,5 ТРИЛЛИОН теңге шығынға ұшырады!
    Әр бiр компания 55 млрд.теңге күнiне!
    Күн сайын 4 млрд.теңге бiздiң қалтамыздан кетiп жатыр!
    Бұларың менеджмент емес!” -дейді М. Сейсембай.

View this post on Instagram

Пост на русском внизу.👇🏻 1,5 ТРИЛЛИОНА убытков! Ужас! Астапыралла! Мемлекеттiң 27 компаниясы 1,5 ТРИЛЛИОН теңге шығынға ұшырады! Әр бiр компания 55 млрд.теңге күнiне! Күн сайын 4 млрд.теңге бiздiң қалтамыздан кетiп жатыр! Бұларың менеджмент емес! ___________ Mama mia! 27 гос.компаний получили 1,5 ТРИЛЛИОНА убытков! По 55 млрд. тенге в среднем на одну компанию! 4 млрд.тенге в день нам обходится содержание этих компаний. Это менеджментом назвать трудно! ___________ Только два акционерных общества в Казахстане работают с прибылью, заявили депутаты Сената Парламента. Они попросили Министерство нацэкономики разобраться в причинах, передает корреспондент Tengrinews.kz. Подробнее: https://tengrinews.kz/kazakhstan_news/27-kompaniy-ponesli-ubyitki-v-15-trilliona-tenge-deputat-370277/

A post shared by Маргулан Сейсембай (@margulan_seissembai) on

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.