Оралда қамауда отырған күдікті қайтыс болды.

6 желтоқсан, 2023 / Arasha.kz

Оралда тергеу изоляторында отырған ер адам қайтыс болды. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ол қамау камерасында отырған марқұм 63 жаста болған.

«Ер адамға ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы «Адам өлтіру» бойынша айып тағылып, уақытша ұстау изоляторына қамалған болатын. Өлімнің алдын ала себебі – ми қан тамырларының атеросклерозы», — деп түсіндірді баспасөз қызметі.

Фото: Tengrinews.kz