Қазақстан Қытайға 119 миллион тонна мұнай сатқан

76

Қазақстан Қытайға трансұлттық құбыр арқылы 120 миллион тоннаға жуық шикі мұнай жеткізген. Бұл туралы Қытайдың Global Times басылымына сілтеме жасап, ҚазТАГ жазады.

“Мамыр айындағы жағдай бойынша трансұлттық құбыр арқылы Қазақстаннан Қытайға 119 миллион шикі мұнай жіберілген. Оның жалпы сомасы 443,8 млрд юанға ($64,2 млрд) тең”, – деп жұма күні Қытайдың кеден қызметтері хабарлаған.

2019 жылдың төрт айында бір ғана тексеру-өткізу орны арқылы 3,7 млн тонна мұнай импортталған. Ол 10,1 млрд юаньға тең.