Boeing компаниясы өз ұшақтарының детальдарынан ақау тапты.
Boeing компаниясы өз ұшақтарының детальдарынан ақау тапты

Boeing компаниясы өз ұшақтарының детальдарынан ақау тапты. Бұл туралы АҚШ-тың федералды азаматтық авиация басқармасы (FAA) хабарлайды деп жазады Lenta.ru.

Ақау әлемдегі Boeing 737 NG и Boeing 737 MAX моделіндегі 312 ұшақтың қақпақшасынан табылған. Ақау шыққан детальдар дұрыс жасалмағандықтан беріктік стандартына сәйкес келмеуі мүмкін, сондықтан уақытынан бұрын тозып, ұшаққа зақым келтіреді.

Барлығы компанияға жеткізушілер дайындаған 148 ақауы бар деталь табылған, сондай-ақ ақау шығуы мүмкін деген ұшақтардың сериялары анықталған. Ведомство ақауы бар бөлшектерді Boeing компаниясына он күн мерзімде жою үшін ұйғарым шығарады.

Әлемде соңығы жарты жылда Boeing 737 MAX-тың әуе апаты тіркелді, онда 346 адам қайтыс болды. Соңғы апат үстіміздегі жылы 10 наурызда Эфиопияда болды. Ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесі деректері бойынша, 2017 жылдың қазанынан әлемдегі ұшқыштар Boeing 737 MAX ұшағында 23 техникалық келеңсіздік оқиғасын тіркеген.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.