03-06-19 | 12:49
Неймар қыз зорлаған деп айыпталуда.
Неймар қыз зорлаған деп айыпталуда

Бразилия құрамасы мен “Пари Сен-Жермен” футбол клубының ойыншысы, футбол жұлдызы Неймар қыз зорлады деп айыпталып отыр.

globoesporte.com сайтының хабарлауынша өзіне Неймар зорлық көрсеткеніне шағымданған қыз оқиға 15 мамырда  Париж қаласындағы қонақүйлердің бірінде болғанын айтқан. Есімі жарияланбаған қыз Парижге Неймардың шақыртуымен барғанын мәлімдеген.

Полиция шағымданушы қыз 17 мамырда Бразилия териториясынан шығып, Парижге бет алған, алайда болған оқиғаны тек отанына оралғаннан кейін ғана айтып, шағым түсіргенін мәлімдеді.

Неймардың өзі қоқан-лоққының құрбаны болып қалғанын айтыпты.

“Мені қыз зорлады деп кінәлап жатыр. Бұл өте ауыр әрі қиын жағдай. Бұл мәлімдемеге көңіл-күйім қатты түсті. Себебі менің мінезімді білетін адамдар, менің адалдығымды көргендер бұл ақпаратқа ешқашан сенбейді. Ондай іске ешқашан бармас едім”, -дейді Неймар өзінің инстаграм парақшасында.

Еске салсақ, 2017 жылы “ПСЖ” Неймарды “Барселона” командасынан 222 миллион эвроға сатып алып, ең қымбат футболшы атандырған.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.