Назарбаев туған күнімен құттықтағандарға рахмет айтты.

6 шілде, 2020 / Arasha.kz

Экс-президенті, қауіпсіздік кеңесінің мәңгілік төрағасы, конституцияға енгізілген өзгерістерге сәйкес, елбасы, тұңғыш президент, құрметті сенатор мәртебесі бар Н.Назарбаев 6 шілде — туған күнімен құттықтағандарға ризашылығын білдіріп, рахмет айтты.

Елбасы Қазақстан халқына жылы лебіздері мен қолдауы үшін ризашылығын білдірді pic.twitter.com/TwRrmKylon

— Aidos Ukibay (@Aidos_Ukibay) July 6, 2020

Назарбаев биыл 80 жасқа толды. Экс-президенттің туған күніне орай сенат төрағасынан бастап, көптеген лауазымды шенеуніктер, қоғам қайраткерлері құттықтау жолдады.