04-06-19 | 11:31
Наразы топ “Нұр Отан” партиясына барды.
Наразы топ “Нұр Отан” партиясына барды

Нұрсұлтанда 4 маусымда “Нұр Отан” партиясының бас ғимаратына сот үкіміне наразы адамдар жиналып, шағымдарын жеткізді.

Азаттық тілшісінің хабарлауынша, бұл жиынға сот шешіміне наразы ондаған адам жиналған. Олардың ішінде «заңсыз сот шешімінің негізінде жалғыз баспанасынан айырылдық», «баласының өлімін дұрыс тергемеді», «жақынын жазықсыз түрмеге отырғызды» деп келгендер бар екен. Наразылар Алматы, Көкшетау, Петропавл мен Павлодар қалаларынан келген.

– 24 мамыр күні «Нұр Отан» партиясының атынан сайлауға түсіп жатқан Қасым-Жомарт Тоқаевті бізбен кездесуін сұрап, ресми шақыру жібергенбіз. Бүгінге дейін ешқандай жауап келген жоқ. Сондықтан өзіміз келіп, кездескіміз келеді. Біз – заңсыз сот шешімін қайта қарау үшін арнайы комиссия құруды талап етеміз, – дейді осы жиынға қатысушы Санавар Закирова.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.