04-06-19 | 18:55
Қазақстан атом электр станциясын салатын компанияны алты елдің ішінен таңдайды.
Қазақстан атом электр станциясын салатын компанияны алты елдің ішінен таңдайды

Оңтүстік Кореяның Korea Hydro & Nuclear Power (KHNP) мемлекеттік корпорациясы 29 мамырда Қазақстанда АЭС салу бойынша тендерге өтініш бергені белгілі болды. Мұны 30 мамырда Оңтүстік Кореяның Yonhap агенттігі хабарлады. Сондай-ақ, агенттік Қазақстанда атом электр станциясын салуға алты елдің – АҚШ, Ресей, Қытай, Франция, Жапония және Оңтүстік Корея компаниялары қатысып жатқанын жазады. Яғни, Қазақстан алты елдің ішінен АЭС салатын компанияны таңдап алады. Бұл ақпаратқа қарағанда, елде АЭС салуға тендер жарияланып қойған болып тұр. Жарияланбаған тендерге Оңтүстік Корея компаниясы қатыса алмайтыны бесенеден белгілі. Алайда билік АЭС салуда халықтың пікірін ескеретінін үнемі айтып келеді.

Ақпаратқа қатысты энергетика министрлігі әзірге ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.