04-06-19 | 19:18
Сайлау алдында полиция күшейтілген тәртіпке көшеді.
Сайлау алдында полиция күшейтілген тәртіпке көшеді

Қазақстан ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев кезектен тыс президент сайлауы қарсаңында елде қауіпсіздік шаралары күшейтілетінін айтты. 4 маусымда Нұр-Сұлтанда үкімет үйінде журналистер сұрағына жауап берген министр мұндай шара президент сайлауымен байланысты екенін хабарлады.

“Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында “Құқықтық тәртіп” операциясы өтіп жатыр, сондықтан бүгін қауіпсіздік күшейтілді. Тек Нұр-Сұлтан қаласында ғана емес, республика бойынша [жүріп жатыр]. Шара 6 маусымға дейін жалғасады, ал 7 маусымнан 12 маусымға дейін сайлауға байланысты полиция түгелдей күшейтілген режимде жұмыс істейтін болады” деді Тұрғымбаев.

Ішкі істер министрі 9 маусымда көпшілік орындарда полиция патрулі болатынын, сол күні қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге 21 мың полиция қызметкері жұмылдырылатынын мәлімдеді.

Алматы полициясы қалада “Құқықтық тәртіп” шарасы аясында екі мыңнан аса полицей қызметке кіріскені туралы хабарлады.

Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы алдағы жексенбі, 9 маусым күні өтеді.

Azattyq.org

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.