Қарағанды: 16 кенші қаза болып, 31 кенші іздестіріліп жатыр.

27 қазан, 2023 / Arasha.kz

Қарағандыдағы «АрселорМиттал Теміртау» АҚ қарасты Костенко шахтасында өрт шығып, қаза болған кеншілер саны 16 адамға жетті. 31 кенші іздестіріліп жатыр.

Бас прокуратураның хабарлауынша, шахтадағы өрт фактісі бойынша тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргiзу кезiнде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Бұған дейін де»АрселорМиттал Теміртау» АҚ қарасты «Қазақстан» шахтасында өрт шығып, 5 адам қаза болған еді.