05-06-19 | 12:56
Дүниежүзілік банк: Қазақстанда экономикалық өсім төмендеуі мүмкін.
Дүниежүзілік банк: Қазақстанда экономикалық өсім төмендеуі мүмкін

Дүниежүзілік банк Қазақстан экономикасы өсімінің баяулауы туралы болжамды өзгеріссіз қалдырды, деп хабарлады ҚазТАГ агенттігі БҰҰ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

«Орталық Азияда бұл кезең бойынша біз өсімді байқамадық. Бізде баяу төмендеу күтілуде, яғни 4,7% дан 4,2% дейін. Қазақстанда экономикалық өсімнің төмендеуі күтілуде. 2018 жылы 4,1% болса 2019 жылы 3,5% дейін төмендейді. Бұл болжам қаралмады»,-дейді Дүниежүзілік банктің жаһандық экономиканың перспективалар департаментінің бас қаржыгері Екатерина Вашакмадзе.

Оның айтуынша, Түрікменстан мен Өзбекстанда өзге шикізат экспорттаушы елдері сияқты экономикалық өсімі жоғары болады.

«2019 жылы Түрікменстандағы өсім  5,6%, Өзбекстанда 5,3% деңгейінде болады. Тәжікстандағы экономикалық өсім анағұрлым жоғары 6% деңгейінде, алайда бұл өткен жылғыдан төмен»,-дейді сарапшы.

Сарапшының пайымдауынша, Қырғызстандағы өсім әлсіз, дегенмен жедел жүру болжамы бар. 2018 жылы өсім 3,5% болса, 2019 жылы  4,3% жеткен.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.