Шпекбаев заңсыз байыған шенеуніктерді жазалауды ұсынды

92

Елімізде активтері заңды табысымен сай келмейтін мемлекеттік қызметкерлерді жазалу ұсынылды. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлықпен күрес іс-қимыл агенттігінің басшысы Алик Шпекбаев “Казахстанская правда” газетіне жариялаған мақаласында мәлімдеді.

Оның айтуынша, агенттік осы саладағы сыбайлас жемқорлықты түп тамырымен жоюға бағытталған жаңа шараларды ұсынған. Ол Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұйрығымен құрылған ведмоство аралық жұмыс тобында қаралмақ.

«Бәрінен бұрын біз заңсыз баюға қатысты жауапкершілік енгізуді ұсындық. Бұл мемлекеттік қызметкердің активтері заңды  табысына сай келмесе оның қаржылары мен мәнсабына санкция салу.

Шығындарды декларациялау бойынша жасалған бұл кешен жемқорлықтың негізін, яғни заңсыз табыс табуға деген ниеттерін жояды. Оның үстіне 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік қызметкерлердің шығындарын мақсатты түрде декларациялау әрі бұл декларацияны міндетті түрде жариялау пікірі айтылды»,-дейді Алик Шпекбаев өз мақаласында.

Оның айтуынша, мемлекеттік қызметкерлердің табыс пен шығындарды міндетті декларациялау кезінде бұл деректердің шығындалу жағдайында не істеу керек деген сұрақ пайда болады. Ол үшін заңда нормалар анық жазылу керек.

Бірнеше күн бұрын Украина басшысы Владимир Зеленский заңсыз байығандарды жауапкершілікке тартатын жаңа заңды әзірлеген болатын. Аталған заң шенеуніктердің заңсыз активтерін тәркілеуге және ол үшін қылмыстық жауапкершілікке тартуға жағдай жасайды.

Украинада заңсыз байыған шенеуніктерді қылмыстық жауапкершілікке тартатын заң жобасы әзірленді