Мұхтар Шаханов: Шындық биігінен көрініп жүрген Тоқаевқа дауыс берем (видео)

1560

Әлеуметтік желіде ақын Мұхтар Шахановтың “Нұр Отан” партиясының кандидаты Қ.Тоқаевты қолдап, сайлауда соған дауыс беретінін айтқан видео тарады.

Видеоны бөліскен қоғамдық белсенді Жанболат Мамай “Өкінішті!
Мұхтар Шаханов ағамыз да туфли жалап кетті” деп жазады. Жанболат Мамай өзінің қоғамдық қызметін Мұхтар Шахановтың жанында жүріп, “Рух пен тіл” дейтін жастар клубында бастаған. Ұзақ уақыт бойы ақынның жанында жүріп, қоғамдық істерге араласты.