Қазақстанда Бала құқықтары жөніндегі жаңа уәкіл тағайындалды.

12 маусым, 2023 / Arasha.kz

Динара Зәкиева Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымына тағайындалды.

«Мемлекет басшысының өкімімен Динара Болатқызы Зәкиева Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымына тағайындалды», – делінген Ақорда таратқан ресми ақпаратта.

12 маусым күні президент Қасым-Жомарт Тоқаев Аружан Саинды Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымынан босатты.