Шығыс Қазақстан облысында екі шахтер өлген.

2 желтоқсан, 2018 / Arasha.kz
Шығыс Қазақстан облысында Орловск шахтасында екі шахтер қаза тапқан деп хабарлайды жергілікті ақпарат агенттіктері. Оқиға 2 желтоқсанда таңертеңгі сағат 9-дар шамасында болған. Оқиға орнынан ессіз күйде табылған тағы бір жұмысшы ауруханаға жеткізілген. Оның жағдайы қалыпты. Оқиғаның себептерін арнайы комиссия анықтап жатыр.

Azattyq.org