Қазақстанды экономикалық дағдарыс күтіп тұр

404

Сенаттың жалпы отырысында спикер Дариға Назарбаева әлемдік-экономикалық дағдарыс келе жатқанын ескертіп, дайын болуға шақырған еді. Оның болжамы бойынша жаз біте, күзге қарай жаңа дағдарыс басталады. Спикер: «Бюджетте үлкен шұңқырға тап боламыз. Оны қалай жабамыз, қандай ресурстар, көздерді пайдаланамызміне барлығымыздың алдымызда тұрған мәселе», -деген еді. «Араша» ақпараттық порталына сұхбат берген экономист Мақсат Халық та дағдарыстың келе жатқанын жоққа шығармады.

– «Әлемдік экономикадағы дағдарыс 2007- 2010 жылдары бастау алған болатын. Ол дағдарыстан әлем экономикасы әлі толық шыққан жоқ. Экономика әлемінде дағдарыстар бірнеше толқын болып айналып келіп отырады. Біз 2007- 2010 жылдардағы дағдарыстан кішкене көтеріліп, экономикамызды реттеген болатынбыз. Бірақ байқасақ, 2014, 2015, 2016 жылдарда экономикамызда қайтадан дағдарыс циклы орын алды. «Дағдарыс циклы» дегенде көп азаматтар «минусқа кетіп қалу» деп ойлайды. Минусқа кетіп қалған жоқ, бірақ ішкі жалпы өніміміз 7% болып тұрған, осы аралықта ол 1%-ға дейін төмендеп кетті», –дейді экономист.

М. Халық оның салдары әлемде мұнай бағасының күрт төмендеп кетуінен болғанын еске түсірді.

«Мұнайдың баррелі 30 доллардан да төмен түсіп кетеді деп ешкім күткен жоқ. 27 доллар болған кезде біздің үкімет тіпті таңқалып қалды деп айтуға болады. Сол уақыттарда ондай жағдайларға үкімет те дайын болмады деп ойлаймын. Тез арада үкіметті жаңадан жасақтады. Ол кезде Мәсімов премьер-министр еді, орнына Сағынтаев келді. Экономиканы қайта реттеп, 4%-дық өсімге қол жеткізді. Соңғы жылдары бізде 4%-дық өсімді ұстап келе жатыр», –деп айтты Мақсат Халық «Араша» ақпараттық порталының тілшісіне.

Сондай-ақ экономистің сөзінше, әлемде дағдарыстың жаңа толқыны келе жатқанын көптеген сарапшылар болжап отыр.

– «Жалғыз Дариға Назарбаева ғана емес, әлемде көптеген экономистер 2019 жылға қарай дүниежүзінде экономикалық дағдарыс болады деген болжам айтты. Мұның негізгі себебі АҚШ-тың федералды резервтер жүйесінің, доллардың кілтті пайыздық мөлшерлемесінің көтеріле бастауынан болып отыр. Неге десеңіздер, неғұрлым доллардың кілтті пайыздық мөлшерлемесі көтерілсе, бұл соғұрлым АҚШ экономикасын әлемдік инвсторларға қызықты етеді. АҚШ-тың құнды қағаздарының пайыздары артады. Нәтижесінде әлемдегі инвесторлар дамушы елдерге барып, үлкен тәуекелдерге барып, инвестиция салудан қашып, оданша тып-тыныш АҚШ-қа барып, бүкіл назарын салып, табыс тапқаны жақсы дейді. Дамушы елдерден капитал ағымы орын алады. Осы тенденцияны біз соңғы біл жылда көре бастадық. Себебі АҚШ федералды инвестор жүйесі өткен жылдан бастап, мақсатты түрде төрт мәрте доллардың кілтті пайыздық мөлшерлемесін көтерді. Осыны байқаған әлем қаржыгерлері дамушы елдердің капиталы кетіп, осыдан 20 жыл бұрын болған Азиядағы дағадарыс сияқты дағдарыс күтілуде деген болжамдар айтылуда. Бір ғана мәселе бар, АҚШ президенті Д. Трамп АҚШ-тың федералды резервтер жүйесінің кілтті пайыздық мөлшерлемесін көтере беруге қарсы екенін айтты. Сөйтіп, қазіргі отыз жылдан бері қарай оның көтерілуіне жол бермей, кедергі жасап отыр. Бірақ ол қаншалықты кедергі жасай беретіндігі белгісіз ғой. Сондықтан, егер алдағы уақытта тағы да көтере беретін болса, ол теңгемізді де құнсыздандырады, Ұлттық экономикамызға да кедергі келтіреді», -деп отыр экономист Мақсат Халық.

Ал келе жатқан әлемдік экономикалық дағдарысқа Қазақстан қалай төттеп беруі керек деген сұрағымызға сарапшы былай жауап берді:

– «Бұл бұрыннан жүйелі түрде жасалынатын іс-қимылдар болуы керек еді. Бірақ біз экономикамыздың шикізат бағыттылығына әбден сеніп отырып қалдық. Сол біздің экономикамыздың үлкен жауы болды деуге болады. Өйткені біз мұнайға көп сеніп отырып қалдық. «Біз» деп емес, біздегі «атқарушы билік» деп айтқаным дұрыс шығар, және де Самұрық-Қазына, соның төңірегіндегі компаниялар, ұлттық сектор, Ұлттық компаниялар, холдингтер эффективтілік тұрғыда да жұмыс жасай алмады өкінішке қарай. Өкінішке қарай біздің экономикамызда жылдам өсімдер болмай қалды. Бірақ әлі де кеш деп айтуа болмайды. Оның барлығы қойылған мақсат ретінде, сторатегия ретінде эконмиканы әртараптандырамыз, диверсификациялаймыз, өндіріс саласын дамытамыз деген мақсаттар қойылған. Бірақта осы мақсаттағы әрекеттеріміз өз дәрежесінде іске асырылмай келеді. Осы бағыттағы жұмыстарын мемлекет мақсатты түрде, нәтижелі түрде жүзеге асыруы керек деп ойлаймын», -деген пікір білдірді М. Халық.

Балжан Жеңісқызы 

arasha.kz