Алматы мен Нұрсұлтанда полиция жүздеген адамды ұстады (видео)

348

Алматы мен Нұр-Сұлтан полиция жүздеген адам ұстады. Бұл туралы Азаттық хабарлайды. Алматыдағы “Астана” алаңына шыққан жүздеген адамды полиция ұстаған. Нұр-Сұлтан қаласында полиция митингіге шыққан адамдарды жаппай ұстады. Әлеуметтік желілерде полицияның адамдарды жаппай ұстаған сәті бейнеленген видеолар тарап жатыр.

Алматыда митингіге шыққан адамдар “бойкот” деп айқайлап жатқаны видеодан анық естіледі.

Ал Нұр-Сұлтаннан желілерде тараған видеоларда арнайы жасақтың көшемен жүгіріп бара жатқаны, көшелерді жауып, тұрғаны байқалады.

Митингіге шыққан адамдарды ұстау Шымкент қаласында да болған. Ол туралы Азаттықтың тілшісі Дилара Иса фейсбук парақшасында жариялады.

Бұған дейін бас прокуратура 9-10 мамырда рұқсат етілмеген митингілерді ұйымдастыру және оған қатысуға шақырулар әлеуметтік желілерде тарап жатқанын айтып, азаматтарды митингіге шықпауға, егер шыққан жағдайда жауапкершілікке тартылатындарын ескертіп, үндеу жариялаған.

Бас прокуратура рұқсат етілмеген митингілерге шықпауға шақырды