Әміржан Қосанов Тоқаевты жеңісімен құттықтады

1506

Әміржан Қосанов сайлаушыларға сұрау салу әдісімен алдына ала жасалатын сайлау қортындысы – экзитполл нәтижесіне қатысты мәлімдеме жасады. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады. Ол мәлімдемесінде сайлау кампаниясы кезінде өзін қолдаушыларға рахметін айта келіп, билік демократиялық күштермен диаологқа келер деген үміті барын жеткізді.

«Мен бүгін сайлау учаскесінде, телеэкраннан билік транзиті халықтың араласуымен өтіп жатқанын көрдім. Менің бағдарламамда айтылған мақсаттар болашақ Қазақстанның моделінде қолданылады деп ойлаймын” деді Қосанов.

Әміржан Қосанов Тоқаевтың билік пен қоғам арасындағы диалог туралы айтқандары бос сөз болмайды деп үміттенетінін де жасырмайды.

“Мен де оны бүгінгі жеңісімен құттықтаймын және оның қоғам мен билік арасында диалог орнату керек дегені бос сөз емес, іске асады деп үміттенемін” деді Қосанов.