Нұр-Сұлтан көшелерінде арнайы жасақ сап түзеп тұр

270

Кеше рұқсат етілмеген митинг болған Нұр-Сұлтан қаласындағы “Жастар” сарайы маңында маңында жүздеген арнайы жасақ сарбаздары сап түзеп тұрғаны көрінетін видео әлеуметтік желілерде жарияланып жатыр.

Кеше ішкі істер вице-министрі Марат Қожаев Нұр-Сұлтан мен Алматыда рұқсат етілмеген митингіге шыққан бес жүздей адам ұсталғанын хабарлаған. Одан бұрын, сайлау алдында бас прокуратура арнайы мәлімдеме жасап, әлеуметтік желілерде 9-10 маусымда рұқсат етілмеген митингіге шақырулар жүріп жатқанын айтып, азаматтарды арандатушылыққа ермеуді, заң бұзбауға шақырған.