ОСК: Қасым-Жомарт Тоқаев сайлауда жеңіске жетті

110
Фото:ҚР президентінің ресми сайты

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кезектен тыс президент сайлауында халықтың басым дауысын жинап, жеңіске жетті. Бұл туралы Орталық Сайлау Коммисиясы хабарлайды.

Кезектен тыс президенттік сайлауда Қасым-Жомарт Тоқаев 70,76 % , яғни 6,5 миллион дауыс жинаған.

Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петровтың мәлімдемесі бойынша, “Ұлт тағдыры” қозғалысы атынан сайлауға түскен Әміржан Қосанов 16,2 % дауыс жинаған, оған дауыс бергендер саны 1,4 миллион адам.

“Ақ жол” партиясы атынан сайлауға түскен Дания Еспаева – 5,3 %, яғни 478 мың адам дауыс берген.

“Ауыл” партиясының кандидаты Төлеутай Рахымбеков – 3,2 % , 294 271 дауыс жинаған.

“Қазақстан кәсіподақтар федерациясы” атынан кандидаттыққа ұсынылған Амангелді Таспихов – 2,7 %, яғни 190 304 дауыс жинаған.

“Қазақстанның халық коммунистік партиясы” кандидаты Жамбыл Ахметбеков 1,82%, оған 167 249 дауыс берілген.

Маусымның 9-нан 10- қараған түні екі экзит-полл нәтижесі жарияланған еді. Оның нәтижесі бойынша: Қ.Тоқаев – 70,13 пайыз, Ә.Қосанов – 15,39 пайыз, Д.Еспаева – 5,32 пайыз, Ж.Ахметбеков – 3,86 пайыз, Т.Рақымбеков – 3,03 пайыз, А.Таспихов – 1,41 пайыз, С.Түгел – 0, 86 пайыз дауыс алды.

ОСК сайлаушылардың 77,4 пайызы дауыс бергенін хабарлаған болатын.