Ринат Зайытов бастаған бір топ адам полиция ұстап әкетті (видео)

1001

Бірнеше сағат бұрын әлеуметтік желіде айтыскер Ринат Зайытов пен режиссер Еркін Рақышев бастаған, өздерін бақылаушылармыз деп мәлімдеген бір топ адам видео мәлімдеме жасап, онда алдын ала жарияланған сайлау қортындысымен келіспейтіндіктерін мәлімдеп, бүгін кешкі сағат 18:00 де Алматыда “Алматы Арена” стадионы маңында қолдарына бар сайлау туралы мәліметтері жариялаймыз деген еді.

Кейін әлеуметтік желіде “Алматы Арена” маңында жиналған полиция күші бейнеленген видеолар тарады. Ринат Зайытов бастаған бірнеше адамды полиция ұстағанын Азаттық та хабарлады.