10-06-19 | 19:18
Тоқаев «митинг кезінде қызметін лайықты атқарған» полицияға алғыс айтты.
Тоқаев «митинг кезінде қызметін лайықты атқарған» полицияға алғыс айтты

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елде болған наразылықтарды заңсыз деп атады, деп хабарлайты Азаттық. Бұл туралы ол 10 маусымда Ақордада өткен баспасөз мәслихатында айтты. Тоқаев наразылық кезінде «кәсіби жұмыстарын лайықты атқарған полиция қызметкерлеріне» алғыс білдірді.

«Бас прокуратураның ескертуіне қарамастан, Алматыда және ел астанасында азаматтар өз ойларын айтпаққа көшеге шығып, наразылық білдірді. Бұл заңға қайшы. Қазақстанда ойын еркін жеткізуге мүмкіндік бар» деді Тоқаев.

Тоқаевтың сөзінше, кейбір азаматтар өздерін дөрекі ұстаған, ал полиция оларға шара қолдануға мәжбүр болған. Қазақстан президентінің айтуынша, «наразылыққа шыққандар сырттан келген ақпаратқа сеніп, заңсыз әрекетке барған». Ол митингіге шыққандарды «қоғамның қауіпсіздігін бұзбақ болды» деді.

Тоқаевтың айтуынша, кейбір азаматтар тыныштықты бұзғандардың үстінен полицияға шағымданған. Ол сайлау алдында полиция қызметкерлеріне сабырлық пен ұстамдылық танытуды тапсырғанын айтты.

«Осы сәтті пайдаланып, демонстрация кезінде қызметін лайықты атқарған полиция қызметкерлеріне алғыс айтамын. Алдағы уақытта да олар өздерін осылай ұстайды» деді Тоқаев.

Қазақстан президенті қоғам мен билік арасында диалог жалғасуы керек деп санайтынын жеткізді.

9 маусымда Қазақстанда президент сайлауы өтті. Осы күні Нұр-Сұлтан мен Алматыда наразылық өтіп,  полиция жүздеген адамды ұстады.

10 маусымда елде күзет күшейіп, полиция адамдарды ұстауды жалғастырды. Осы күні Орталық сайлау комиссиясы сайлаудың алдын ала нәтижесін жариялап, «Нұр Отан» партиясының кандидаты Қасым-Жомарт Тоқаевтың 70 пайыздан артық дауыс жиғанын жариялады.

Azattyq.org

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.