Ринат Зайытов көпшілікті тарауға шақырды (видео)

1022

Бүгін полиция ұстаған айтыскер Ринат Зайытов видеоүндеу жасап, көпшілікті тарауға шақырды. Видеода ол: “Алаңдайтын ештеңе жоқ. Үйге қайтқалы отырмын. Бәріңіз де үйлеріңізге қайтыңыздар, ағайын” деп көпшілікке қайрылады.

Бүгін Ринат Зайытов бастаған бір топ адам өздерін тәуелсіз бақылаушылармыз деп таныстырып, сайлау нәтижелерімен келіспейтіндерін мәлімдеген еді. Олар қолдарында өте көп дәлел болғанын да айтқан. Сөйтіп, мәлімдемені Рысқұлов пен Момышұлы көшесінің қиылысы маңында айтамыз дескен. Кейін “Алматы арена” стадионы маңында полиция Ринат Зайытов бастаған елу шақты адам ұстаған туралы хабар тарады.

Полиция әзірге ешқандай ақпарат таратқан жоқ.