12-06-19 | 10:27
Қасым-Жомарт Тоқаевтың инагурациясы өтіп жатыр (тікелей эфир).
Қасым-Жомарт Тоқаевтың инагурациясы өтіп жатыр (тікелей эфир)

Нұр-Сұлтан қаласындағы “Тәуелсіздік” сарайында кезектен тыс президент сайлауында жеңіске жеткен “Нұр Отан” партиясының кандидаты Қасым-Жомарт Тоқаевтың инагурациясы өтіп жатыр. Сөйтіп, Тоқаев бүгін заңды түрде президент қызметіне кіріседі.

Баспасөз хабарларына қарағанда, Тоқаевтың инагурациясына шет мемлекеттердің басшылары шақырылмаған.

Кейбір тәуелсіз бақылаушылар кезектен тыс президент сайлауында көптеген заң бұзушылықтар болғанын айтып, Тоқаевқа ашық хат жазды. Сондай-ақ, сайлау кезіндені заң бұзушылықтар түсірілген видеоларда әлеуметтік желіде көп тарады. Бас прокуратура сайлау заңын бұзған 19 факті тіркелгенін, оның 18-і әкімшілік іс есепті сотқа жіберілгенін хабарлаған.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.