13-06-19 | 14:31
Ерлан Қарин: Билік транзиті аяқталды.
Ерлан Қарин: Билік транзиті аяқталды

Президенттің кеңесшісі, саясаттанушы Ерлан Қарин өзінің телеграм каналында “Билік транзиті түпкілікті аяқталды. Қазақстан дамудың жаңа кезеңіне аяқ басты” деп жазды.

Алайда, бұған дейін саяси сарапшылар билік транзиті бір адамның билікті екінші адамға беруімен аяқтала салатын дүние емес екенін айтқан еді. Мәселен, сәуір айында Алматыда өткен сараптамалық талқылау барысында «Альтернатива» зерттеу орталығының директоры Андрей Чебаторев: “Билік транзиті деген – бұл бір президенттің келсі адамға билікті жай тапсыра салуы емес, бұл өте күрделі процесс. Билік ішінде қарым-қатынасты немесе жаңа институттарды қалыптастыруды қажет етеді. Сондықтан осы жылдың 19 наурызында болған жағдай транзиттің тек басы ғана. Маусым айында өтетін сайлау келесі процесс. Үшінші процес ол кейін барлығы қалай өрбиді деген мәселе” деген еді.

Ал саясаттанушы Досым Сәтпаев Арашаға берген сұхбатында: “Осыдан бірнеше жыл бұрын өз сұхбаттарымда Назарбаев кеткеннен кейін саяси транзит болатынын айтқанмын. Әзірге билікте ондай классикалық транзит жоқ. Қазір әртүрлі тәсілмен кво-статусын сақтап отыр. Ал Назарбаевтан кейін билік кураторсыз қалғанда түрлі кесіп-болжауға келмейтін жағдайлар болады, жаңа көшбасшылар шыға бастайды” деп айтқан еді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.