17-06-19 | 14:41
Мұқағали Мақатаев туралы “Мұқағали” фильмінің түсірілімі басталды.
Мұқағали Мақатаев туралы “Мұқағали” фильмінің түсірілімі басталды

«Мұқағали»көркем фильмінің түсірілімі басталды, деп хабарлайды “Қазақфильмнің” баспасөз қызметі.

Картина  ақиық ақын Мұқағали Мақатаев жайында сыр шертеді. Фильмнің режиссері  танымал қазақстандық режиссер Болат Қалымбетов. Картинаны мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ  түсіруде.

«Бұл фильм ақын жайлы ғана емес, адам жайлы, адамның тағдыры жайында»,- дейді фильмнің режиссері Қалымбетов. Түсірілім  жұмыстары Өскемен қаласында басталды. Одан кейін түсірілім тобы Санкт-Петербург, Алматы  және Алматы  облыстарына жол тартпақ.

фото: kazakhfilmstudios.kz
фото: kazakhfilmstudios.kz

Режиссердің айтуынша, картина Мақатаевтың өмірінің соңғы жылдары туралы баяндайды. Біз фильмде Мұқағали Мақатаевпен есейге кезінде, Қазақ КСР Жазушылар Одағы ақынның тағдырын отырыста шешкен уақытта танысамыз…

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.