Қостанайдағы жарылыстан жеті адам жарақат алды

34

Қостанайда автокөлік жөндеу станциясында болған жарылыстан жеті адам жараланды.

ІІМ ТЖ комитетінің мәліметінше, 17 маусымда сағат шамамен 12:00-де Лермонтов көшесіндегі көлік жөндеу орталығында газбен жұмыс істейтін газ құралы жарылған. Жарылыстан екі қабатты ғимарат 90 пайызға құлап, одан кейін өрт шыққан.

«Жеті адам жарақат алды. Оқиға орнында шұғыл штаб құрылды. Газ бен электр қуатын беру уақытша тоқтатылды», – делінген хабарламада.

Сондай-ақ, оқиға орнынан тоғыз газ баллоны сыртқа шығарылды.