18-06-19 | 12:46
Ішкі Істер министрі: Қазақстанда митинг кезінде 4 мыңға жуық адам ұсталды.
Ішкі Істер министрі: Қазақстанда митинг кезінде 4 мыңға жуық адам ұсталды

Қазақстанда заңсыз митинг кезінде төрт мыңға жуық азамат ұсталды. Бұл туралы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев мәлім етті.

Министрдің айтуынша Бас прокуратура мен ішкі істер министрлігінің бірнеше мәрте ескерткеніне қарамастан ел 9, 10, 11, 12 және 13 маусым күндері бірнеше қалада заңсыз митинг өткізген.

“4 мыңға жуық азамат ұсталды, 3 мың адам профилактикалық жұмыстан кейін босатылды, 677 адам сот арқылы әкімшілік қамауға алынды, ал 305-іне әкімшілік айыппұл салынды. Бір мыңға жуық азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды”, – деді Ерлан Тұрғымбаев.

Митинг кезінде 300-ден аса полиция қызметкері дене жарақатын алып, олардың алтауы қазір ауруханада. Министр жарақат алған полиция қызметкерлерінің біреуінің жіліншігі сынған, екіншісі бас сүйек-ми жарақатын алғанын айтып, наразылыққа шыққандарға күш көрсетілмегенін жеткізді.

 

О тәртіп сақшылары наразылық шеруі кезінде көшеге шыққан адамдарға күш қолданбағанын атап өтті.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.