20-06-19 | 11:31
Сайлау: Бас прокуратураның мәлімдемесі және тәуелсіз бақылаушылар.
Сайлау: Бас прокуратураның мәлімдемесі және тәуелсіз бақылаушылар

Бас прокуратура “кезектен тыс президент сайлауы заң сай өткізілді және сайлаушылардың өз еркін білдіруінің нәтижелеріне күмән тудыруы мүмкін бұзушылықтар болған жоқ” деп есептейді. Бұл туралы бас прокуратураның 20 маусымда таратқан баспасөз мәлімдемесінде айтылған.

  • “Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауы қолданыстағы заңнама нормаларына сәйкес өткізілді.
  • Ел Президентінің сайлауында сайлаушылардың өз еркін білдіруінің нәтижелеріне күмән тудыруы мүмкін бұзушылықтар болған жоқ.
  • Сайлау кезеңінде прокуратурамен 36 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалып, сотқа жіберілді. Олардың 30-ы соттармен қаралды, 6-ы қаралуда.
  • Басқа адамдар үшін дауыс беру мүмкіндігін жасау мақсатында азаматтарға бюллетеньдер бергені үшін учаскелік сайлау комиссиясының 11 мүшесі ӘҚБтК-нің 110-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды. Оларға 25 АЕК көлемінде айыппұл салынды.
  • 9 сайлаушыға тең сайлау құқығы туралы талапты бұзғаны үшін ӘҚБтК–нің 108–бабы бойынша айыппұл салынды (бір сайлаушы – бір дауыс – бір бюллетень). Негізінен олар отбасы мүшелері үшін бюллетеньдер алған. Бұл        Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының, Алматы, Шығыс Қазақстан және Түркістан облыстарының тұрғындары. Осындай 4 іс Жамбыл облысының мамандандырылған әкімшілік сотының қарауында.
  • Прокуратура органдарымен бірқатар БАҚ-та, сондай-ақ әлеуметтік желілерде жарияланған бюллетеньдер салу мен өзге де бұзушылықтар туралы бейнежазбалар бойынша тексеріс жүргізілуде. Мәліметтердің көпшілігі расталмады.
  • Көптеген бейнежазбаларда оқиғалар болған учаскелер, аудан, қала, облыс туралы деректердің жоқтығына байланысты қалған фактілер бойынша жұмыстар одан әрі жалғасуда.
  • Тексеру қорытындысы бойынша заңсыз әрекеттер анықталған жағдайда кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тарту үшін материалдар сотқа берілетін болады” делінген мәлімдемеде.

Бұған дейін тәуелсіз бақылаушылар сайлау кезінде көптеген заң бұзу фактілері болғанын айтып, мәлімдеме жасаған. Олар республика бойынша сайлау хаттамаларын бір орталыққа жинастырып жатқандарына хабарлаған еді. Сондай-ақ, “Оян, Қазақстан” қозғалысы да сайлау нәтижелерімен келіспейтіндерін жария етіп, қозғалыс мүшелері өздерінің бақылаушы ретіндегі көрген фактілерін айтқан еді.

Қазақстандағы кезектен тыс президент сайлауына ЕҚЫҰ да төмен баға берді. Алайда, президент Тоқаев “сайлау әділ өтті” деп санайтынын бірнеше айтты. Бас прокуратураның мәлімдемесі тәуелсіз бақылаушылар белсенділігі арта түскен кезде жасалып отыр.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.