20-06-19 | 22:26
Митингіге шыққысы келетін белсенді полицияға барып, өзін тұтқындауды сұрады.
Митингіге шыққысы келетін белсенді полицияға барып, өзін тұтқындауды сұрады

Кеше қоғамдық белсенді Альнур Ильяшев Алматы қаласы әкімшілігіне бейбіт митинг өткізетіні туралы арыз берген. Ильяшев жазған арызының мазмұнын айтқан видео фейсбуктегі оның парақшасында жарияланған.

Бұл оның қала әкімшілігіне беріп отырған 36-шы арызы. Әкімшілік бұл жолғы арызында қанағаттандырмайтынын білген ол, Алматы қаласы полиция департаментіне барып, өзін тұтқындауды сұраған. Өйткені ол 30 маусымда бәрібір митингіге шығатынын айтқан. Сондықтан Ильяшев полицияға өзін алдын ала тұтқындап, хаттама толтырып, сотқа жіберуді сұраған. Бірақ полиция оны тұтқындамаған.

Ильяшевтың айтуынша, оның арызын полиция департаменті штбының бастығы Халил Бабалиев оның арызымды оқып, “15 күннің ішінде жауап береміз” деп қайтарған.

 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.