21-06-19 | 15:47
Жастар Алматыда Назарбаевқа ескерткіш орнатуды ұсынды (аудио).
Жастар Алматыда Назарбаевқа ескерткіш орнатуды ұсынды (аудио)

Жиырма бір жастағы Мәди Ахметов Алматыдағы Н.Назарбаев атындағы көшеде Назарбаевтың ескерткішін орнату туралы бастама көтерді,- деп хабарлайды arasha.kz тілшісі.

Мұндай ұсынысты Мәди Ахметов Алматыда өткен Нұрсұлтан Назарбаевтың саяси көшасшылық феноменін зерттеуге арналған «Кемеңгерліктің 30 жылы» халықаралық ғылыми конференциясы барысында айтты.

“Осы жердегі аға буынның айтқан сөздерінен кейін менің кеудемді мақтаныш сезім кернеді. Мен өзім Тәуелсіздігіміздің тұсауы кесілген Алматы қаласының тумасымын. Есімім – Мәди, жасым – жиырма бірде. Осында отырған қаламыздағы белсенді жастардың бірімін. Ежелден бері қазақ халқының дәстүрінде елге еңбегі сіңген тұлғаларға құрмет көрсету елдіктің белгісі болып саналады. Мен осы жерде құрдастарыммен, замандастарыммен қазір ғана келісіп отырмын. Сізге деген бір ұсынысымызды жеткізгіміз келіп отыр. Ол – Алматыдағы бас көше – Назарбаев даңғылының бойында Тәуелсіз мемлекетіміздің негізін қалаушы сізге арналған сәулет мүсіні бой көтерер болса, ол өскелең ұрпаққа өнегесі мол іс болары сөзсіз. Бұл ұсынысымды осы залдағы жастар қолдайды деп нық сеніммен айта аламын. Біздің осы ұсынысымызды қабыл алуыңызды сұраймыз”, – деді Мәди Ахметов.

20- наурызда Тоқаев уақытша президент қызметін атқаруға кірісіп, ант берген соң бірден Назарбаевтың есімін Астанаға беру және облыс орталықтарындағы басты көшелерді Назарбаевтың есімімен атау жөнінде бастама көтерген еді. Оның бастамасы лезде жүзеге асты. Ал 2017 жылы Алматыдағы Фурманов көшесі Назарбаевтың атына берілген еді.

Назарбаевтың ескерткіші Талдықорғанда және Алматыдағы бірінші президент саябағында бар.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.