25-06-19 | 11:05
“Арыста екі адам қаза тапты: Оның бірі қала тұрғыны, екіншісі әскери адам”.
“Арыста екі адам қаза тапты: Оның бірі қала тұрғыны, екіншісі әскери адам”

Қазақстан Премьер-министрі Асқар Мамин Арыс қаласында болған жарылыстан екі адам қаза болғанын хабарлады.

“Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелович Тоқаев төтенше жағдайлар болған оқиға орнында болды, нақты тапсырма берді. Тиісті шаралар ұйымдастырылып, Арыс қаласының тұрғындары түгел қауіпсіз жерге көшірілді. Өкінішке орай екі адам қаза тапты: Оның бірі азаматтық тұлға, екіншісі әскери адам. Олардың жақындары мен туыстарына қайғырып көңіл айтамын. Жапа шеккендерге медициналық көмек көрсетілуде”, – деді премьер-министр үкімет отырысында.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.