Митинг өткізу үшін отыздан астам өтініш жазған белсендіге Алматы әкімдігі ақыры рұқсат берді

180

Қоғамдық белсенді Альнур Ильяшев Алматы қаласы әкімдігіне 30 маусымда бейбіт митинг өткізетіні туралы сан мәрте арыз берген. Алайда әкімдік арызды осы уақытқа дейін қанағаттандырмай келген еді.

36 рет арызы қайтарылған Ильяшев тіпті Алматы қаласы полиция департаментіне барып, өзін тұтқындауды сұраған. Өйткені ол 30 маусымда бәрібір митингіге шығатынын айтқан. Сондықтан Ильяшев полицияға өзін алдын ала тұтқындап, хаттама толтырып, сотқа жіберуді сұраған. Бірақ полиция оны тұтқындамады.

Митингіге шыққысы келетін белсенді полицияға барып, өзін тұтқындауды сұрады

Ақыры белсенді өз мақсатына жетіп, қажетті рұқсатты алды, алайда Альнур Ильяшев өзіне рұқсат қағаздың көшірмесін бергенін айтты.

“Белгілі нәтиже бар, бірақ әзірге болжамай-ақ қояйық. Себебі кеше келісім береді деп ауызша айтқанда біз Халықаралық адам құқықтарын қорғау бюросына барғанбыз. Олар бізді бұл провокация болуы мүмкін екенін ескертті”, -дейді Альнур Ильяшев.

Белсенді азаматтық көзқарасымызды білдіруге құқығымыз бар екенін көрсеткіміз, талап еткіміз келеді дегенді айтады.