Тоқаев Қостанайдағы ауданның атын өзгерту туралы жарлық шығарды

346
Фото:ҚазАқпарат

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысының Таран ауданына белгілі жазушы, Алаш қайраткері Бейімбет Майлиннің есімін беру туралы шешім шығарды деп хабарлайды Ақорда.

“Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. Қостанай облысының Таран ауданы Бейімбет Майлин ауданы болып қайта аталсын.
  2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі”, -делінген жарғыда.