Қазақстанда 20 өзбек азаматы құлдыққа түскен

62

Өзбекстанның сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, 20 өзбек азаматы Қазақстанның Алматы облысы Қаскелең қаласындағы уақытша орында тұрып жатыр, – деп жазады Орталық Азия жаңалықтары.

Бұның алдында әлеуметтік желілерде Қазақстанда қиын жағдайға ұшыраған өзбек мигранттары туралы хабарлар тараған.

Министрлік мәліметі бойынша, 23 маусымда консулдық қызметкері Алматы облысы Жамбыл ауданы Мыңбаев ауылына барған. Сол ауылда Өзбекстанның Хорезм облысынан келген 20 азамат анықталған. Олар кірпіш зауытында жұмыс істеген. Мигранттардың төлқұжаттарын алып қойғаны анықталды. Өзбек азаматтары жұмыс беруші айлық төлемеген соң, жергілікті құқық қорғау органдарына шағымданған.

“Шетел азаматтарын заңсыз жұмысқа салғаны үшін қылмыстық іс қозғалды” деп хабарлады өзбек сыртқы істер министрлігі. Тергеу жүріп жатыр.

Өзбекстанның Алматыдағы консулдығы жағдайды бақылауға алған.