Нұр-Сұлтанда болатын митингіде билікке қандай талап қойылады?

284

«Байтақ-Болашақ» экологиялық альянсының төрағасы Азаматхан Әміртай Астана қаласы әкімшілігіне бейбіт митинг өткізу туралы берген өтінішінің қанағаттандырылғанын хабарлады. Сөйтіп, митинг 30-маусымда сағат 11.00 – 13.00 аралығында, Нұр-Сұлтан қаласы, Пушкин көшесі мен Ш.Құдайбердіұлы даңғылының қилысындағы саябақта өтеді.

Азаматхан Әміртай митингіде билікке қойылатын талаптарды да тізіп шыққан.

1. Ешуақытта елімізде АЭС салынбайды. Халық қарсы.
2. Мемлекеттік тілдің беделін көтеру. Барлық салада ана тіліміз алдыңғы қатарда тұруы тиіс!
3. Қытайдағы қандастарымызды мемлекеттік деңгейде қолдауымыз керек. Елге оралғысы келетін сырттағы қандастарымызға жағдай кедергісіз жасалуы қажет. Көші-қон мәселесін қайта қарастыру. Атамекеніне оралған қандастарымызға азаматтықты жедел түрде беру мәселесі.
4. Көп балалы отбасыларға әртүрлі әлеуметтік көмектерді қарастыру.
5. Ұлтымыздың санын көбейтудің жолдарын іздестіру. Жас отбасыларға мейлінше көмек беру.
6. Қазақ азшылықта отырған өңірлерге сыртан келген қандастарымызды көптеп орналастыру. Сол арқылы тепе-теңдікке не болмаса басмыдыққа қол жеткізу.
7. Банктердің несие пайызын арзандатуға қол жеткізу. Талап ету. Халық есебінен олардың күн көруіне тосқауыл қою.
8. Мемелкеттік қызметкерлердің 80 пайызын жұмыстан шығарып, олардың орнына білімді, білікті мемлекетшіл жастарды тарту.
9. Параламент пен мәслихат депутатарынан жеке бастың не болмаса белгілі бір топтың сойылын соғуын тоқтатуын, елге, ұлтқа жұмыс істеуін талап ету.
10. Әкімдер тағайындалмай, сайлануы тиіс. Халық сайлауы керек. Сондағана олар халыққа жақын болады. Кез-келген азамат әкіммен кездесіп, арыз-талабын тікке айта алатындай жағдай жасалуы тиіс.
11. Арыста болған жағдай толықтай тексеріліп, жауаптылар қатаң жазалануы керек. Егерде қатаң жаза болмаған жерде, ертең тағы бір жерде әскери қойма жарылып қара халық зиян шегуі әбен мүмкін. Міндетті түрде мемлекеттік деңгейде комиссия құрылып, елдегі барлық қару-жарақ, оқ-дәрі қоймалары тексеріліп, есепке алыуы тиіс.
12. Жастарға білім беру және жұмыспен қамту мәселесі.

Азаматхан Әміртай билік митингіге рұқсат бергенін, ендігі сөз халықта екенін де атап айтқан.