Назарбаев Арысқа қатысты Тоқаевқа тапсырма берді

11719
фото: akorda.kz

Нұр-Сұлтанда қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтті. Кеңесті қауіпсіздік кеңесінің мәңгілік төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев басқарды.

Кеңеске президент Қасым-Жомарт Тоқаев және қауіпсіздік кеңесінің мүшелері қатысты.

Жиында Назарбаев Арыс қаласында жөндеу жұмыстарын жүргізу және азаматтардың тұрғылықты жеріне оралуын ұйымдастыру жөнінде нақты тапсырмалар берді, деп хабарлайды елбасының баспасөз қызметі.