28-06-19 | 11:27
Қырымбек Көшербаев жаңа қызметке тағайындалды.
Қырымбек Көшербаев жаңа қызметке тағайындалды

Президент Тоқаевтың жарлығымен Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев президент әкімшілігінің жетекшісі болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорда хабарлайды.

Қырымбек Көшербаев Қазақстанның білім, денсаулық және спорт саласындағы министрліктерді, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарын басқарды. Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз хатшысы қызметін атқарды. Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі ретінде қызмет етті. Ол Қызылорда облысын жеті жыл басқарды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.