Түркістан облысында бес адам газдан уланып көз жұмды.

7 қараша, 2018 / Arasha.kz
Түркістан облысында бір тәулікте бес адам газдан уланып қайтыс болды, бес адам ауруханаға түсті. Бұл туралы Азаттыққа облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, 6 қарашада Түркістан облысындағы Сайрам, Қазығұрт және Бәйдібек ауданында он адам газдан уланған. Олардың бесеуі қайтыс болған. Көз жұмғандардың үшеуі – бала.

Департаменттің хабарлауынша, уланған бес адам аудандық ауруханаларға жатыр. Зардап шеккендер үйдегі қол пешті жылыту үшін газ қолданған.

 

Azattyq.org