Теңіздегі қақтығыс: ливия азаматы Eli Daoud қазақ халқынан кешірім сұрады (видео)

166

Теңізде болған жергілікті жұмысшылар мен шетелдік жұмысшылардың арасындағы қақтығыс туралы Атырау облысы әкімшімшілігінің баспасөз қызметі таратқан хабарда жұмысшылар Ливия азаматы Eli Daoud-тың WhatsApp-та жариялаған қызбен бірге түскен суретіне наразы болғаны айтылған. “Оның қолында рация болған, ал оның антеннасы қыз жаққа қарай бағытталып тұрған” делінген хабарламады. Кейін Ливия азаматының жұмыстан шығарылғаны мәлім болды. Және оның қазақ халқынан кешірім сұраған видеосы шықты. Видеодағы Eli Daoud-тың сөзіне қарағанда, ол әріптесімен әзіл үшін суретке түскен және оның соңы неге соқтыратынын білмеген.