30-06-19 | 14:16
Теңіздегі ереуіл: “Еңбек жағдайы бәріне бірдей болуы керек” – Н. Ноғаев (видео).
Теңіздегі ереуіл: “Еңбек жағдайы бәріне бірдей болуы керек” – Н. Ноғаев (видео)

Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Теңіздегі жұмысшылар кенішіне барып, Consolidated Contracting Engineering & Procurement S.A.L. Offshore (CСЕР) фирмасының жұмысшыларымен кездесті, деп хабарлайды өңірлік әкімдіктің баспасөз қызметі.

Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевтың жұмысшылармен кездесуі.

Опубликовано Айболат Букенов Суббота, 29 июня 2019 г.

«Біз облыс әкімі орынбасары басшылық ететін ведомствоаралық комиссия құрып, тең еңбек жағдайын қамтамасыз етуге жұмыс жасаймыз. Менің әріптестерім сіздерге өз нөмірлерін қалдырады. Комиссияға өз тараптарыңыздан адамдард ұсына аласыздар. Жағдайды жақсартуға қатысты өз ұсыныстарыңызды», – деді жұмысшылармен кездескен облыс әкімі.

«Теңізшевройл» бас директоры Имер Боннердің айтуынша, компания жағдайды реттеу үшін бар күшін салып, болашақта мұндай оқиғалардың орын алмауына жұмыс істемек.

«Біз жағдайды реттеуге көмектескен жергілікті басқару және құқық қорғау органдарына алғыс білдіреміз. Өз тарапымыздан оқиғаға байланысты ССЕР және өзге де компанияларда тиісті шаралар жүргіземіз», – деді Боннер.

«Аталмыш даулы мәселе әртүрлі еңбек жағдайлары жүйесі кесірінен шығып отыр. Мұны компания басшылығымен, өзге де шетелдік кәсіпкерлер қарастыруы керек. Біз өз тарапымыздан қолдау көрсетуге дайынбыз. Инвесторлар біздің еліміздің территориясында жұмыс істей отырып, моральды-этикалық нормаларды сақтап, ешкімнің намысына тимеу керектігін түсініңіздер. Жақын арада барлық компания басшыларымен бірге оқиғаның қатысушыларымен кездесеміз. Басты мәселе – еңбек жағдайы бәріне бірдей болуы керек», – деді Ноғаев.

Айта кетейік, 29 маусымда әлеуметтік желіде “Атырау облысы Жылыой ауданы Теңіз жұмысшылар ауылында болған төбелестің” видеосы тарады. Бірнеше видеодан жұмысшылар киімін киген адамдардың азаматтық киім киген адамдарды ұрып-соққанын көруге болады.

Оқиғаға байланысты «бұзақылық» бабымен іс қозғалып, 30 адамның зардап шеккені белгілі болды.

Дереккөз: holanews

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.