“Нұр Отанның” митингісі: Әр еркек әйелдеріне ие болу керек

70

Нұр-Сұлтанда “Нұр Отан” партиясы митингі өткізді. Оған депутаттар, партия мүшелері қатысты.

Митингіде қоғам қайраткері Оразкүл Асанғазы “Әйелдерін көшеге жіберіп, өздері үйде отырған еркектердің тірлігі не деген сұмдық! Ер азамат деген атқа сай болып, әр еркек әйелдеріне ие болу керек” деген.

“Нұр-Сұлтан қаласында елдің арасына іріткі салып жүрген арандатушылардың құйтырқы әрекеттеріне қарсы халық бейбіт шеруге шықты. Қаладағы «Жерұйық» саябағына жиналған 1500-ден астам азамат тәуелсіздігіміздің тамырына балта шабатын жалған ұрандарымен елдің іргесіне сызат түсіруді көздейтін арам пиғылды Әбіләзов сияқты керітартпалардың әрекеттеріне қарсы өз ойлары мен пікірлерін ашық айтып жатыр.

Митингіге елдің ертеңіне бейжай қарамайтын белсенді азаматтармен бірге бірқатар Парламент депутаттары және белгілі қоғам қайраткерлері де қатысуда. Бейбіт шеру деп аты айтып тұрғандай, мұнда ешқандай құқықбұзушылықтар орын алмай, барлығының заң аясында жүргізіліп жатқанын да атап өткен жөн” делінген партия баспасөзі таратқан хабарлама.