Ернұр Рысмағамбетов: Ендігі мақсат  — біліктілігін арттырған мамандар арқылы елімізге инвесторларды тарту

21

Елордада АХҚО алаңында екінші рет өтіп жатқан Astana Finance days
мамандандырылған халықаралық конференция аясында отандық
кәсіпкерлерді ІРО-ға үйрету жайлы тренингтер ұйымдастырылуда.
Шара барысында компания мамандарына арналған «Getting trained for IPO»
практикалық воркшоптар сериясы, халықаралық капитал нарығына шығу
мүмкіндігін қарастыру және шетелдік инвесторларды тарту сарапшылар
алаңы жұмыс істеп жатыр.
Семинар бағдарламаларында IPО-ға қатысты өзекті мәселелер, қоғамдық
нарыққа шығудағы компания проблемалары мен аталған мәселелерді
шешудегі АХҚО сарапшылары ұсынатын шешімдер қарастырылды.
Аталмыш шараға Орталық Азия мен отандық 50-ге жуық компания өкілдері
жиналды. Оларға халықаралық деңгейдегі серіктестер, жеті сала бойынша
компанияны халықаралық деңгейге жеткізу, инвесторлармен жөнді қатынас
орнату, құжат жинау, мамандарды іріктеу сияқты мәселелер аясында
тренингтер өткізіп жатыр, -деді «АХҚО Әкімшілігі» АҚ төрағасы
орынбасары Ернұр Рысмағамбетов,.
Сондай-ақ, Е.Рысмағамбетов отандық қаржы мамандарының құзіретін
арттыру мақсатында шетелден үздік мамандарды шақыртып отырғандығын
жеткізді.
Бізде мықты мамандар көп. Олардың халықаралық деңгейде жұмыс істеу
тәжірибесін арттыру мақсатында халықаралық серіктестерді алып келіп,
халықаралық деңгейдегі есепші болу, қаржы сарапшысы атануға қатысты
бағдарламаларды енгізіп, арнайы отандық мамандарды дайындап жатырмыз.
Ендігі басты мақсат  — сол біліктілігін арттырған мамандар арқылы елімізге
инвесторларды тартып, отандық компаниялардың деңгейін көтеру, – деді ол.
Айта кетерлігі, аталған жиынға АҚШ, Қытай, Сингапур, Катардың қаржы
саласындағы үздік мамандары келген. Семинарға инвестициялық
менеджмент (CFA), тәуекелдерді басқару (FRM), бухгалтерлік есеп және
аудит (АССА), қызметкерлерді басқару (HRCI) саласының халықаралық
үздік мамандары қатысты.