03-07-19 | 18:26
Қорғаныс министрі Арыстағы оқиға туралы: кешірім сұрайтын себеп көріп тұрған жоқпын (видео).
Қорғаныс министрі Арыстағы оқиға туралы: кешірім сұрайтын себеп көріп тұрған жоқпын (видео)

Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Арыстағы жағдайда табиғи нәрсе және ол үшін кешірім сұрайтындай себеп жоқ деп есептейді. Бұл туралы sputniknews.kz жазады.

Әуелі Ермекбаев Арыстағы әскери қойманы көшіру жайлы сұраққа: “Қазір біз есептеп жатырмыз. Жалпы, көшіруге бірнеше миллиард керек болады. Бүгінде есептеу жұмыстары жүргізіліп жатыр”, – деп жауап берген. Сосын журналисттердің “Сіз Арыстағы жағдай үшін халықтан кешірім сұрайсыз ба?” деген сауалына: “Кінәлі деп айтуға болмайды. Ол – табиғи нәрсе. Әрбір арсеналдың қауіптері бар. Мен әзірше кешірім сұрайтын себеп көріп тұрған жоқпын”, – деген.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.