“Қазақстан билігі халыққа пікірін ашық айтуға кепілдік беруі тиіс”.
“Қазақстан билігі халыққа пікірін ашық айтуға кепілдік беруі тиіс”

Еуропа одағының сыртқы істер және қауіпсіздік саясат бойынша жоғарғы өкілі Федерика Могерини Бішкектегі “Еуропа одағы – Орталық Азия” форумынан кейін Азаттыққа сұхбат беріп, 6 шілде күнгі Қазақстандағы адамдарды жаппай ұстау оқиғасы жайлы пікір білдірді.

Бішкектегі сыртқы істер министрлерінің “Еуропа одағы – Орталық Азия” форумы Қазақстанда билікке қарсы наразылық шарасын ұйымдастыру талпынысын күшпен басып жатқанда, Қырғызстанда қазіргі билік пен экс-президент Алмазбек Атамбаевтың арасындағы тартыс күшейген сәтте өтті.

Еуропа одағының сыртқы істері және қауіпсіздік саясат бойынша жоғарғы өкілі Федерика Могерини шілденің 7-сі күні Бішкекте Азаттыққа берген сұхбатында Орталық Азияда демократиялық өзгеріс енгізу “қиын процесс” болатынын айтты.

“Пікір қайшылықтары мен келіспеушіліктер барын жасырмаймыз. Бірақ біз бұл елдермен келісімді жалғастырып, қолдап, кейбір жағдайларда медиа өкілдеріне мүмкіндік жасаймыз” деді ЕО өкілі.

Батыс елдері мен халықаралық ұйымдар Орталық Азия елдерінің билігін “адамдардың бейбіт митингіге шығу және сайлау құқығын жиі бұзады, сөз бостандығын шектеп, соттардың жұмысына араласады” деп жиі сынайды. Могерини Бішкектегі форумда Орталық Азия елдерінің сыртқы істер министрлігімен бұл мәселелерді көтеріп, қамауда отырған белсенділердің жағдайын сөз еткенін айтты.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.