Елбасы туралы заңның конституциялық күшi жойылды.

14 ақпан, 2023 / Arasha.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының күшi жойылды деп тану туралы» заңға қол қойды. Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

«Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының күшi жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына қол қойды», — делінген хабарламада.